Выйти
RU

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында Төтенше жағдай жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су басу қаупі төнген өзге де ауыл тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда, ауданда Төтенше жағдай жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: gazeta.uz/Янгиер әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: gazeta.uz/Янгиер әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 2 мамыр сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м³ болатын "Орталық далалық коллекторда" су арнасынан шығып, салдарынан Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарын су басқан.

Облыстық маңызы бар Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алған. Соның салдарынан көліктер жүре алмауда. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

"Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елді мекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда. Мырзакент пен Атакен елді мекендерінің ара қашықтығы - 35 шақырым. Мырзакент елді мекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар. Қазір апатты құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сондай-ақ, ведомство халықты эвакуациялау үшін жеке құрамның 450 қызметкері Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ-нен және Ұлттық ұланның 250 әскерилері  жұмылдырылғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп, басқа да қажетті  шаралар қабылдануда.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың хабарлауынша, Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланған.

"Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 02 мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілген", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында Төтенше жағдай жарияланды