RU

Тоқаев Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Төтенше жағдайға байланысты пікір білдіріп, зардап шеккен жанұяларға көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым", - деп жазды ел президенті Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басып қалғанын, ауданды Төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.

Кейін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, мән-жайды баяндаған еді. Сонымен қатар облыс әкімі халықты сабырға шақырып, барлығы ұйымдасқан түрде реттеліп, өз қалпына келетінін жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мақтаарал ауданындағы елді мекендерден 5400 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854033-tokaev-maktaaraldagy-su-taskynynan-zardap-sekkenderge-kmek-krsetudi-tapsyrdy.html