RU

Өзбекстанда түлектердің бітіру кештері онлайн форматта өтетін болды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев коронавирусқа байланысты елдегі жоғары оқу орны түлектерінің бітіру кеші онлайн форматта өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттыққа сілтеме жасап.

Өзбекстанда түлектердің бітіру кештері онлайн форматта өтетін болды

30 сәуірде Өзбекстанда Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен оқу жылын аяқтау мәселесі бойынша отырыс өткен.

Кездесу кезінде білім беру мекемелеріне құжат қабылдау жүйесін жетілдіру, құжаттарды қашықтан тапсыру мүмкіндігін қарастыру сияқты мәселелер талқыланған. Қоғамға жаңа өзгерістер қосымша хабарланатыны да айтылған.

Мирзияев шенеуніктерге биыл оқу орнына қабылдау емтиханын жеңілдетілген форматта өткізуді тапсырған.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар саны жағынан Өзбекстан Орталық Азия аймағында Қазақстаннан кейін екінші орында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 2094 адамнан коронавирус табылған. 9 адам қайтыс болған. 1229 адам жазылған.

Елде карантин 10 мамырға дейін ұзартылған. Бірақ билік 30 маусымға дейін халықаралық рейстерді қабылдауға тыйым салған.

Айта кетейік, АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін екенін болжап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854054-zbekstanda-tlekterdi-bitiru-kesteri-onlajn-formatta-tetin-boldy.html