RU

Елімізде тағы 15 адамнан коронавирус табылды

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам анықталды. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жуықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 2 мамыр 17:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясы анықталған бір адам Алматы облысында, бір адам Қызылорды облысында, бес адам Түркістан облысында тағы бес адам Атырау облысында және үш адам Нұр-Сұлтан қаласында анықталып отыр.

Осы сағатта

Нұр-Сұлтан қаласы – 682

Алматы қаласы – 1240

Шымкент қаласы – 206

Ақмола облысы – 100

Ақтөбе облысы – 147

Алматы облысы – 145

Атырау облысы – 166

Шығыс Қазақстан облысы – 23

Жамбыл облысы – 143

Батыс Қазақстан облысы – 163

Қарағанды облысы – 153

Қостанай облысы – 50

Қызылорда облысы – 210

Маңғыстау облысы – 62

Павлодар облысы – 146

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 134, барлығы 3800 адам. Олардың 965-і жазылса, 25-ы қайтыс болды.

Айта кетейік, АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін екенін болжап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854056-elimizde-tagy-15-adamnan-koronavirus-tabyldy.html