RU

Өзбекстандық азамат су тасқыны кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген

Өзбекстанның бір азаматы су тасқыны кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: Getty Images

Басқарма басшысының мәліметінше, өзбекстандық азамат кеше түнде канал жағасынан табылған.

Белгілі болғандай, ол өзінің атымен бірге суға ағып кеткен. Сол судың ағысымен ол Мақтаарал ауданының Жеңісті ауылына жеткенде, тұрғындар оны байқап қалған. Сөйтіп оны жабылып жүріп судан шығарып алған.

Марат Пашимовтың сөзінше, 50 жастағы ер адам Мақтаарал аудандық ауруханасына жатқызылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін түсте ол жағдайы жақсарған соң, ауруханадан шығып кеткен және Өзбекстанға кері қайтатынын жеткізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басып қалғанын, ауданды Төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.

Кейін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, мән-жайды баяндаған еді.

Сондай-ақ, аталмыш жағдайға қатысты мемлекет басшысы да пікір білдіріп, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854066-zbekstandyk-azamat-su-taskyny-kezinde-kanaldagy-sumen-maktaaralga-agyp-kelgen.html