Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов мұқтаж 200 адамға ауызашар берді (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов елордадағы мұқтаж 200 адамға ауызашар берді. Рамазан айында отандастарына көмектеспек болған өнер иесі олардың үйлеріне тамақ жеткізіп берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қабатовтың игі бастамасы жөнінде оның жары Мөлдір Мұқанованың Instagram парақшасынан белгілі болды.

"Бүгін мұқтаж отбасыларға ауызашар жіберген Тұрсынбек мырзаға мейрамхана ұжымы атынан алғыс білдіреміз. Алла разылығына бөлей берсін. Бастаған әр ісіңізге береке тілейміз. Есеп беріп кетейін: Тұрсынбек мырза 200 адамға ауызашар жіберді" , - деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Әзілкештің әйелі жариялаған видеода ауызашар тағамдары мұқтаж жандарға үйлеріне дейін жеткізілгенін айтты.

Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың қасиетті айдағы иші ісіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

"Алла істеріңізге береке берсін" , "Жарайсыңдар, Тұрсын пен Мөлдір" , "Өзге өнер иелері сіздерден үлгі алу керек" , "Алла разы болсын" , "Игі ісіңіз Алладан еселеніп қайтсын" , "Недеген мырза жігіт, тіл көзден сақтасын" , "Ниетіңіз қабыл болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың отбасы елімізде орын алған коронавирус пандемиясы кезінде мұқтаж отандастарына көмектескен болатын. Үйінде отырған әзілкештің жанұясы қолдан маска тігіп, оны көмекке зәру жандарға тегін таратқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854090-trsynbek-kabatov-mktaz-200-adamga-auyzasar-berdi-video/

pixel