RU

Лукашенко неге әлі күнге дейін коронавирусқа тексерілмей жүр

Беларусь президенті Александр Лукашенко әлі күнге дейін коронавирусқа тест тапсырған жоқ. Мемлекет басшысының бұл әрекетіне қатысты оның баспасөз қызметі түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Александр Лукашенко. Фото: XINHUA/Gamma-Rapho/Getty Images
Александр Лукашенко. Фото: XINHUA/Gamma-Rapho/Getty Images: Getty Images

Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт белоруссиялық басшы коронавирусқа анализ тапсырмағанын растады. Оның сөзінше, мемлекет басшысының денсаулығы жақсы болғандықтан, оған қауіпті инфекцияны анықтауға тест тапсырудың қажеті жоқ деп жазады РИА Новости.

Наталья Эйсмонт президент қала сыртында тұратынын айтып, оның салауатты өмір салтын ұстанатынын жеткізді. Ол Лукашенко өзін жақсы сезінгендіктен оның COVID-19-ға тексерілудің еш себебі жоқ екенін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Лукашенконың коронавирус жұқтырып алғаны туралы қауесет тараған болатын. Желіде президент өзін жайсыз сезініп, талып қалғаны туралы жазылған.

Сонымен қатар, Беларусь басшысы мектептерде оқушылардың маска киюіне қарсы шықты. Ол балалардан бетперде тағып жүруді талап ететін адамдар бұл ісі үшін жауап беретінін мәлімдеді. Ол мұндай шараларды барып тұрған "көзбояушылық" деп есептейтін болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854092-lukasenko-nege-li-knge-dejin-koronaviruska-tekserilmej-zr.html