RU

Коронавирус: АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны 1,16 млн адамға жетті

3 мамыр күні сағат 08:36-дағы жағдай бойынша әлемде коронавирус жұқтырудың 3,5 млн дерегі тіркелді. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ көш бастап тұр. Бұл мемлекетте індетке шалдыққандар 1,16 миллионнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Anadolu Agency / Contributor / Getty Images
Фото: Anadolu Agency / Contributor / Getty Images: Getty Images

Worldometers статистикалық сайтының мәліметінше, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны үлкен қарқынмен өсіп келеді. Дүниежүзі бойынша күніге қауіпті инфекцияның 80 мыңнан аса жаңа оқиғалары тіркелуде.

Әлемдік антирейтингтің көш басында АҚШ тұр. Құрама штаттарда бүгінде коронавирус 1 160 774 азаматтан анықталды. Бұл дегеніміз дүниежүзілік статистиканың үштен бір бөлігі - 33,36 пайызы. Сол себепті, әлемде қауіпті індетті жұқтырған әрбір үшінші науқас америкалық екенін айтуға болады.

Бұл көрсеткіш бойынша Испания мен Италия екінші және үшінші орындарда келе жатыр. Екі елде де 200 мыңнан аса жұқтыру дерегі тіркелген. Олардан кейін Ұлыбритания, Франция және Германия мемлекеттері тұр. Олардың әрқайсысында коронавирус жұқтырғандардың саны 150 мың адамнан асып кеткен.

Алайда, аталмыш елдерде қауіпті инфекцияның күнделікті өсімі айтарлықтай төмендеп кеткені байқалады. Коронавирус мәселесі өте баяу болса да, ақырындап денсаулық сақтау ұйымдарының бақылауына өтіп жатыр.

Жоғарыда аталған себептерге сәйкес, еуропалық мемлекеттер өз аумағындағы карантин шараларын жеңілдетуге кірісті.

Түркия мен Ресей жетінші және сегізінші орынға шықты. Бұл мемлекеттерде COVID-19 жұқтырудың жүз мыңнан аса оқиғасы анықталды. Бүгінде қауіпті індетке шалдыққандар бойынша 100 мыңдық көрсеткішке Бразилия жақындап қалды. Онда инфекция жұқырған 97 мың науқас бар.

Қазақстан республикасындағы коронавирус жағдайы бүгінгі күні мынадай:

Расталған оқиғалар: 3 857 адам;

Қаза тапқандар: : 25 адам;

Жазылып шыққандар: 995 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854095-koronavirus-aks-ta-covid-19-zktyrgandardy-sany-116-mln-adamga-zetti.html