Выйти
RU

Су бөгетінің жарылуы: Қазақстанның оңтүстігіндегі тағы бір ауылды су басты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірінші мамыр күні Өзбекстанда су қоймасының бөгеті жарылып, Түркістан облысында бірқатар ауылды су басқан болатын. Ал бүгін су тағы бір елдімекенге жеткені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Анықталғандай, су Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылына да жеткен. Бұл елді мекенге су Фердауси ауылынан келген. Ол жерде 250 үйді су басып қалған болатын. Екі ауылдың ара қашықтығы үш шақырымды құрайды.

Су Өргебас ауылына таңғы бес шамасында келе бастап, 8:00-де елдімекенің 194 үйін баcып қалды. Тұрғындардың барлығы яғни, 1,5 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Ал ауыл тұрғындары түн ішінде аудан орталығы Мырзакентке эвакуациялануға мәжбүр болған.

Оған қоса, орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде су басу қаупі төнген өзге де ауыл тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке қоңырау шалып, оқиға зардаптарын талқылаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Су бөгетінің жарылуы: Қазақстанның оңтүстігіндегі тағы бір ауылды су басты