Выйти
RU

"Немересімен бірге ауырған": Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған адам жайлы жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың үшінші мамыр күні Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. Қарағанды облысында COVID-19 вирусы салдарынан орын алған өлім оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы келіп түскен ақпараттарға сәйкес, коронавирус инфекциясынан 1958 жылы туған ер адам қайтыс болған. Ол Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында тұрып жүрген.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас провизорлық госпитальге ем алу үшін осы жылдың бесінші сәуірінде келіп түскен. Ауруханаға түскен кезде оған пневмония диагнозы қойылған. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталып шықты.

Оған қоса, ер адам COVID-19 вирусын өзінің 10 жасар немересімен бірге жұқтырып алғаны анықталды.

Тоғыз күннен кейін азаматты елордалық клиникаға жатқызу шешімі қабылданған. Себебі, науқастың пневмониясы екі жақты күйге көшіп, оның жағдайы одан бетер нашарлап кеткен.

Қауіпті вирусты жұқтырған отандасымыз ауруханада 19 күн бойы жатқан. Бұл аралықта ақ халаттылар коронавирустан оның немересін емдеп шығара алды. Он жасар бала індетті оңай еңсеріп, ауруханадан шыққан.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Дәрігерлер ер адамның жағдайын қалыпқа келтіру үшін барынша тырысқанымен, ол үшінші мамыр күні қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде коронавирус жұқтырған тағы 20 адам анықталған болатын. Республика аумағында қауіпті індетке щалдыққандардың саны 3877 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Немересімен бірге ауырған": Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған адам жайлы жаңа дерек шықты