Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақтааралда 620 үй су астында қалған (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төрт ауылда сел салдарынан 620 тұрғын үй су астында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Жаңатұрмыста 46 үй, Фирдоуси 250 үй, Жеңіс 130 үй,  Өргебас ауылында 194 үй жапа шеккен. 22 эвакуациялық орынға 7000-ға жуық тұрғын орналастырылған.

Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізіп жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram
"Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған. Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде, " - деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Бүгін таңғы сағат 08:00-де су Өргебас ауылына да жеткен.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке қоңырау шалып, оқиға зардаптарын талқылаған болатын.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Getty Images

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1854115-maktaaralda-620-j-su-astynda-kalgan-foto/

pixel