RU

Мақтаралда 3601 гектар дақыл су астында қалды (фото)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан 3601 гектар дақыл су астында қалды. Алдын ала болжам бойынша шығын мөлшері 404 млн теңгені құрайды. Әсіресе, Жаңажол, Еңбекші ауыл округтеріне қарасты Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай ауылдарындағы алқаптар көптеп зардап шеккен. Су астында қалған егістік алқаптың 85 пайызын мақта егістігі құрса, қалғаны жоңышқа мен жүгері деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Мақтаралда 3601 гектар дақыл су астында қалды (фото)Фото: NUR.KZ: Instagram

Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстарымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр.7

"Дәл қазіргі таңда 95 маманымыз су астында қалған егістік алқаптары мен мал шығындарын есептеп, түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданындағы егістік алқаптар мен мал шығындарын толық есептеуге әзірге мүмкіндік аз болып тұр.
Десек те, тұрғындар берген мәліметтерді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, зерделеп жатырмыз.  Біз алдағы уақытта су тасқыны басылған соң, ауылдарды аралап, шығын көлемін нақты анықтайтын боламыз", - деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов. 
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Дәл қазіргі уақытта Мақтаарал ауданында алдағы уақытта су басу қаупі бар ауылдарда малды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазірдің өзінде су тасқыны орын алған 7 елдімекеннен яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай, Фердоуси, Еңбекші,  Нұрлытаң, Өргебас ауылдарынан  3115 ірі  қара, 1101 жылқы, 585 қой, 34 түйе көшірілген. Ал суға кетіп өлген мал саны әзірге белгісіз болып отыр. Бұл жұмыстарға тасқын судың әлі де болса тоқтамай тұрғаны қолбайлау болуда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі басқа да ауыл тұрғындарына эвакуацияға дайын отыру қажеттігі туралы хабарлады.

"Құрметті мақтааралдықтар! Өргебас ауылын су басып, су деңгейі М-39 "Ташкент-Термез" трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне су жіберілді. Алдағы уақытта Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғындары су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеміз. 
Осыған орай, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды дайындап, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз! , " - делінген хабарламада.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Бүгін таңғы сағат 08:00-де су Өргебас ауылына да жеткен.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854130-maktaralda-3601-gektar-dakyl-su-astynda-kaldy-foto.html