Выйти
RU

Елімізде коронавирустан болған 27-өлім тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 27 адамға жетті. Бүгіндікке COVID-19 вирусы салдарынан орын алған екінші өлім тіркеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қауіпті індеттен Шымкент қаласының тұрғыны көз жұмған. Бұл оңтүстік шаһардағы коронавирустан болған бесінші өлім болып табылады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан Қарағанды облысының тұрғыны қайтыс болған. 1958 жылы туған ер адам коронавирусты немересімен бірге жұқтырғаны анықталды. Алайда, он жасар бала тез арада емделіп шықса, азамат індет салдарынан көз жұмды.

Айта кетейік, республика аумағында қауіпті вирус құрбандарының саны 27-ге жетті. Олардың арасында өлім саны бойынша Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде індеттен тоғыз адам қайтыс болды. Өзге қалалар мен облыстардағы статистика мынадай:

Алматы қаласы - 7, Маңғыстау облысы - 2, Нұр-Сұлтан қаласы - 4, Атырау облысы - 2, Қарағанды облысы - 1, Шымкент қаласы - 5, Жамбыл облысы - 2, Түркістан облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 3, Батыс Қазақстан облысы - 9.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирустан болған 27-өлім тіркелді