Выйти
RU

COVID-19 инфекциясының тағы 36 оқиғасы анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан республикасында қауіпті індетті жұқтырудың тағы 36 дерегі тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып алған азаматтардың саны 3913-ке өсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Anthony Kwan / Getty Images

Фото: Anthony Kwan / Getty Images

Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус жұқтырған 36 науқас еліміздің жеті өңірі мен үш қаласынан анықталған.

Қауіпті инфекцияға тап болғандардың тоғызы БҚО-да тіркелсе, жетеуі Алматы қаласынан шыққан. Оңтүстік астана вирус жұқтырғандардың саны бойынша көш басында тұр. Бұл мегаполисте 1285 адам ауырып қалған.

Бүгін анықталған науқастардың арасынан бесеуі Шымкенттен екені белгілі болды. Сонымен қатар, COVID-19 елорданың төрт тұрғынынан анықталды.

Соңғы орындарда: ШҚО - үш жаңа оқиға, Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарында - екі жұқтыруы дерегінен, Түркістан мен Қарағанды облыстарында - бір-бір жағдайдан тіркеоген.

Қазақстан бүгінде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны бойынша 4 мың адамға жуықтап қалды.

Айта кетейік, елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 27 адамға жетті. Бүгіннің өзінде республика аумағында қауіпті індеттен болған екі өлім тіркелді. Бірінші Қарағанды облысының тұрғыны қайтыс болса, одан кейін Шымкент қаласынан да өлім оқиғасы анықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19 инфекциясының тағы 36 оқиғасы анықталды