Выйти
RU

Тоқаев: Түркістан облысында 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында су астында қалған ауылдардан 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде" , - деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Бүгін таңғы сағат 08:00-де су Өргебас ауылына да жеткен.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке қоңырау шалып, оқиға зардаптарын талқылаған болатын.

Су тасқыны салдарынан Мақтааралда 3601 гектар дақыл судың астында қалып қойды. Алдын ала болжам бойынша шығын мөлшері 404 млн теңгені құрайды. Су астында қалған егістік алқаптың 85 пайызын мақта егістігі құрса, қалғаны жоңышқа мен жүгері.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Түркістан облысында 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды