Выйти
RU

COVID-19: Қазақстанда тағы 84 адам ауруханадан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық ауруханалардан тағы 84 адам емделіп шықты. Республика аумағы бойынша коронавирус инфекциясын жеңіп шыққандардың саны 1084 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images

Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images

Соңғы сағаттарда қауіпті індеттен 84 науқас емделіп шығып, үйлеріне оралды. Қалалар бойынша коронавирусты еңсергендер тізімі мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2,
  • Шымкент қаласы - 11,
  • Ақмола облысы - 1,
  • Батыс Қазақстан облысы - 1,
  • Алматы қаласы - 14,
  • Алматы облысы - 14,
  • Қарағанды облысы - 5,
  • Павлодар облысы - 6,
  • Атырау облысы - 1,
  • Түркістан облысы - 4,
  • Қызылорда облысы - 9.

Бүгінде коронавирустан жазылып шыққандар саны бойынша елорда көш басында тұр. Нұр-Сұлтанда 270 адам қауіпты вирустан айыққан.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бүгінде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны бойынша 4 мың адамға жуықтап қалды.

Айта кетейік, елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 27 адамға жетті. Бүгіннің өзінде республика аумағында қауіпті індеттен болған екі өлім тіркелді. Бірінші Қарағанды облысының тұрғыны қайтыс болса, одан кейін Шымкент қаласынан да өлім оқиғасы анықтады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Қазақстанда тағы 84 адам ауруханадан жазылып шықты