RU

3,5 млн-нан асты: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап көбеюде

Қазіргі уақытта әлем бойынша 3,5 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сәйкес деректерді әлемдегі коронавирус жағдайын бақылап отырған Джонс Хопкинс университеті келтірді.

Америка Құрама Штаттары инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлі де көш бастап тұр. Соңғы деректерге сәйкес, 1, 156 миллионнан астам америкалық қатерлі дертке шалдыққан. Екінші орында – Испания, мұнда вирус жұқтырғандар саны бірнеше есе төмен (217,5 мыңға жуық). Көршілес Ресей мемлекеті 7-орында (135 мыңға жуық). Алғашқы ондықты Иран түйіндейді, мұндағы науқастар саны 97,5 мыңға жуықтаған.

Сондай-ақ АҚШ коронавирус құрбандарының саны бойынша да көш бастап тұр. Ауру таралған уақыттан бері бұл елде COVID-19-дан 67,5 мыңға жуық науқас көз жұмды.

Бұл тізімде екінші орында – Италия. Мұнда коронавирустан 28,8 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Жалпы, әлем бойынша вирус құрбандарының саны 247 мыңнан асады.

Сонымен қатар, аурудан айығып кеткендердің де саны өсіп келеді. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта әлем бойынша 1,1 миллионнан астам науқас коронавирустан емделіп шыққан. АҚШ-тың бұл көрсеткіш бойынша да көш бастап тұрғанын айта кету керек (180 мыңнан астам адам).

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны төрт мың адамға жуықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854169-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-35-mln-adamnan-asty.html