RU

Қазақстандықтарға бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі

Бүгін, 4 мамырдан бастап ел тұрғынарына далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтарға бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854179-kazakstandyktarga-bginnen-bastap-dalada-sportpen-sgyldanuga-rksat-etiledi.html