Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында карантин режимін жеңілдетпейтін болды

Опубликовано:

Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров 4 мамырдан бастап аймақтағы карантинді жұмсарту туралы шешімін өзгертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бас санитарлық дәрігер Қанат Асқаров 3 мамырда Шахтинск қаласының тұрғынының коронавирустан қайтыс болуы мен қауіпті дерттің аймақта таралу динамикасына талдау жасау осындай шешім қабылдауына себеп болғанын мәлім етті.

"Иә, Қанат Асқаров 3 мамырда 15 беттен тұратын жарлық шығарды. Сонымен қатар құжаттың 82 бет қосымша бар", - тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ол қаулыда жеке көліктерді тек жұмыс пен үй арасында ғана жүргізуге болатыны көрсетілгенін айтты.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3964-ке жетті. Оның 159-ы Қарағанды облысы аумағында тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854198-karagandy-oblysynda-karantin-rezimin-zeildetpejtin-boldy/

pixel