RU

Теңіз кенішінің жүзге тарта жұмысшысы карантин режимін жеңілдетуді талап етті (видео)

Теңіз кенішінде 100-ге тарта жұмысшы стационардағы карантин шараларын жеңілдетуді талап етті деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Жедел штабтың хабарлауынша, 2 мамыр күні "COC Realty" компаниясының жүзге жуық қызметкері жұмыс берушіге карантиндік стационарда болу режимін жеңілдету және екінші вахтаға қалғандары үшін үстеме ақы төлеу талабын қойған.

Естеріңізге салсақ, "COC Realty" компаниясында жұмысшының коронавирус жұқтырғаны анықталған.

"Жұмысшылардың біреуінде коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі расталғандықтан, қызметкерлердің бәрі карантиндік стационар жағдайына көшірілді. Олар тұрмыстағы шектеулерді жеңілдетуді, атап айтқанда, бірге тамақ ішіп, темекі шегуге және бірге уақыт өткізуге рұқсат беруді талап етті. Бұл карантин жағдайында оқшаулау режимін бұзу болғандықтан, олардың қойған талаптары қабылданбады", - деді жедел штаб.

Сонымен қатар, 3 мамыр күні жұмыс беруші мен әкімдік өкілдері Теңіз кенішінің қызметкерлерімен кездескен. Осының нәтижесінде еңбекақы төлеу мәселесі шешілді.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3964-ке жетті. Оның 184-і Атырау облысы аумағында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854207-teiz-kenisini-zzge-tarta-zmyssysy-karantin-rezimin-zeildetudi-talap-etti-video.html