Выйти
RU

Коронавирустан өлім-жітім көбеюінің жаңа себебі анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Зерттеулері Research Square журналында жарияланған Елизавета патшайымы аурухана қоры мен Шығыс Англия университетінің ғалымдары кей елдердегі коронавирустан өлім-жітім көбеюінің себебін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Коронавирустан өлім-жітім көбеюінің жаңа себебі анықталды

Фото: pixabay.com

Ғалымдар кей елдердегі коронавирустан өлім-жітім көбеюіне ағзадағы D дәруменінің жетіспеушілігі себеп дейді.

Мамандар Еуропадағы 20 елдің азаматтарынан D дәруменінің орташа деңгейін COVID-19 вирусынан өлім статистикасымен салыстырып көрді.

Белгілі болғандай, көрсеткіштердің өзара байланысы бар екені анықталған: елдегі азаматтардың ағзасында дәрумен аз болса, сол елде өлім-жітім көп болған.

"Дәрумен жетіспеушілігі, әсіресе, Испания, Италия және Швецария тұрғындарынан байқалды", – делінген мақалада.

Одан өзге, D витаминінің жетіспеушілігі көбінесе коронавирустық инфекциядан қайтыс болатын егде жастағы адамдарда байқалады.

Қазіргі уақытта ғалымдар биологиялық белсенді заттардың көмегімен аурудың алдын алуға қатысты ұсыныстармен жұмыс жасап жатыр.

Жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясы әлемнің барлық дерлік елдеріне таралды. ДДСҰ мәліметі бойынша, әлемде үш миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, олардың 230 мыңы қайтыс болған.

Америка Құрама Штаттары зардап шеккендер мен науқастардың саны бойынша көш басында келеді, сондықтан үлкен апаттық режим енгізілген. Коронавирусқа қатысты аурушаң елдер тізіміне Испания, Италия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3964-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан өлім-жітім көбеюінің жаңа себебі анықталды