Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кімдердің әскери қызметі кейінге қалдырылуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанда әскери қызмет қандай жағдайда кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қарулы күштер бас штабы департаментінің басшысы Сәкен Жүсіповтің айтуынша, отбасылық жағдайына, денсаулық жағдайынана байланысты, сондай-ақ оқуын жалғастыру үшін әскери қызмет кейінге қалдырылуы мүмкін.

Сондай-ақ әскери қызметті кейінге қалдыру үшін басқа да себептер болуы мүмкін. Мысалы, ауыл дәрігерлері, депутаттар, ұшу экипажының мүшелері, азаматтық авиация қызметкерлері аталған құқыққа ие.

Сонымен қатар, күзгі шақыру кезінде педагогтар мен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы даярлықтан өтіп жүрген қазақстандықтардың әскери қызметі кейінге қалдырылуы мүмкін.

Жүсіпов қазақстандықтардың қызметті кейінге қалдырудан өз еркімен бас тартып, әскерге баруға өтініш бере алатындарын атап өтті. Бұл орайда азаматты әскерге қабылдамаудың бір ғана себебі оның денсаулық жағдайына байланысты болмақ.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854220-kazakstanda-kimderdi-skeri-kyzmeti-kejinge-kaldyryluy-mmkin/

pixel