Выйти
RU

"Шаштараз, ақша айырбастау": Бүгіннен бастап қандай жұмыс орындары ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Қалалар мен облыстарда бірқатар кәсіпорындардың жұмысы жанданады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

500 шаршы метрге дейінгі аумағы бар азық-түлік cатпайтын дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фотосалондар, гүл сататын орындар да ашылады.

Медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар және шаштараз алдын ала жазылу бойынша ел тұрғындарын қабылдайды.

Жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар мен шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компанияларының да жұмысы қарқын алады.

Нұр-Cұлтан қаласында қандай кәсіпорындар жұмыс істейді

  • тігін ательесі, аяқкиім жөндеу;
  • жеке сот орындаушылары;
  • төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • клининг қызметі;
  • ұялы телефон жөндеу, кілт жасау, сағат жөндеу орындары.

Алматыда төмендегідей қызметтер қосымша ашылады

  • жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсететін компаниялар;
  • валюта айырбастау пунктері;
  • ломбардтар;
  • аяқкиім жөндеу;
  • химиялық тазарту;
  • баспа ісі.

Жоғары айтылған ұйымдардан бөлек Шымкентте мынадай қызметтер жанданады: 

  • жеке кабиналары бар моншалар;
  • үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер;
  • жылжымайтын мүлік агенттігі.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шаштараз, ақша айырбастау": Бүгіннен бастап қандай жұмыс орындары ашылды