Выйти
RU

Бас санитар Қазақстандағы шетелдіктер үшін жаңа қаулы шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитар дәрігері Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды оқшаулау ережелері туралы жаңа қаулы шығарды. Қаулыда елімізге теміржол немесе тасмолмен келетін ЕАЭО пен Өзбекстан азаматтары туралы айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас санитар шетелдіктерді Қазақстанда оқшаулау туралы жаңа қаулы шығарды

Фото: pixabay.com

Бас санитар Айжан Есмағамбетова шығарға қаулыға сәйкес, Қазақстанға кірер кезде шектеу шаралары жүзеге асатын болады.

Егер теміржол және көлік жолы арқылы елге ЕАЭО пен Өзбекстан азаматтары келетін болса, ол міндетті түрде 2 күнге стационарға жатқызылып, дәрігерлер оларға коронавирусқа тестілеу өткізетін болады.

Егер адам індетке шалдыққаны анықталса, дереу ауруханаға жатқызылады, егер тест теріс нәтиже берсе, азамат үйінде немесе қала белгілеген ауруханада 12 күн оқшаулануы тиіс.

Дипломаттар мен елшілік мекеме және халықаралық ұйым мүшелері, сондай-ақ оларды отбасы вирусты анықтауға арналған тестілеуден өтеді әрі 2 аптаға үйдегі карантинде болады.

Қаулыда "Теңізшевройл" жұмысшыларына арналған тест шарттары мен карантин жағдайы ЕАЭО пен Өзбекстан азаматтарына жасалатын шаралармен пара-пар.

Пилоттар мен пойыз бригада мүшелерін ақ халаттылар оқшаулаусыз бақылайтын болады.

Сондай-ақ, шешімде Қазақстанда ойын-сауық орталықтары әлі де жабық екені, ал көпшілікке арналған іс-шараларға тыйым салынғаны туралы жазылған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас санитар Қазақстандағы шетелдіктер үшін жаңа қаулы шығарды