Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып сайланды

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл ақпаратты Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында растады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Бүгін, төртінші мамыр күні парламент палаталарының біріккен отырысында сенат спикері сайланды. Депутаттар бірауыздан Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, парламент сенатының депутаты болып тағайындалғаны белгілі болды.

Оған қоса, Дәурен Абаевтың да қызметі ауысты. Ол ақпарат министрі лауазымынан босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Айта кетейік, Мәулен Әшімбаевқа дейін сенат төрағасы қызметін Дариға Назарбаева атқарған болатын. Алайда, екінші мамыр күні президент жарлығымен оның өкілеттілігі тоқтатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854242-mulen-simbaev-senat-tragasy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel