Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Фото: Хабар 24: UGC

Тиісті жарлық Ақорда сайтында пайда болды.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын",- делінген хабарламада.

Балаева осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Ал бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бүгін, төртінші мамыр күні парламент палаталарының біріккен отырысында сенат спикері сайланды. Депутаттар бірауыздан Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, парламент сенатының депутаты болып тағайындалғаны белгілі болды.

Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Ол 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2016 жылы Тафтса университетін, Америка Құрама Штаттарындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін аяқтаған. Жаңадан сайланған сенат төрағасы - саяси ғылымдардың кандидаты және халықаралық қатынастар магистрі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854253-aida-balaeva-akparat-zne-kogamdyk-damu-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel