Выйти
RU
BBC Русская Служба

Еуропада коронавирустан тіркелген өлім саны азайып келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы аптада Францияда, Италия мен Испанияда коронавирустан қайтыс болғандар саны азайды. Аталмыш елдердің билігі карантин талаптарын бәсеңдетуге дайындық үстінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Еуропада коронавирустан тіркелген өлім саны азайып келеді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Францияда бір тәулікте коронавирустан 135 адам қайтыс болды, Ал Испанияда 164 қайғылы жағдай расталды.

Бұл наурыздың ортасынан бері тіркелген ең аз көрсеткіш. Италияда 174 науқас көз жұмды, бұл екі айдың ішіндегі ең төменгі көрсеткіш болып отыр.

Ал Ресейде коронавирус жұқтыру деректері артып келеді. Жақында бір тәулікте дертті 10633 адам жұқтырып, 58 адам қайтыс болғаны анықталды.

Ал Ұлыбританияда бір тәулікте коронавирустан 315 адам қайтыс болған. Британия билігі аурудың шарықтау шегі өткенін хабарлауда.

Ал еліміздегі жағдайға келер болсақ, соңғы мәліметтер бойынша, тағы 24 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3988-ке жетіп отыр.

Олардың 1084-і ауруынан айықса, 27-сі қайтыс болды.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуропада коронавирустан тіркелген өлім саны азайып келеді