Выйти
RU

"Қолдауыңызды сезінеміз": Қырғызстан президенті Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ, қос президент коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі екі ел үкіметтерінің атқарған тығыз әрі жүйелі жұмысына және туындаған барлық мәселелердің жедел шешілгеніне оң баға берді.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз бауырлас қазақ халқының ізгі ниетін және сіздің жеке қолдауыңызды әрдайым сезінеміз", – деді Қырғызстан президенті. 

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау үшін бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

Соның ішінде шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимін талқылап, коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін оның толыққанды жұмысын қайта қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар мемлекет басшылары екі ел арасындағы заңсыз тауар тасымалына жол бермеу үшін нақты шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайту мақсатында Қырғызстандағы қазақстандық компаниялардың жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселеге ерекше мән берді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге коронавирус пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек жіберген танымал қытайлық кәсіпкер және филантроп Джек Маға алғысын білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қолдауыңызды сезінеміз": Қырғызстан президенті Тоқаевқа ризашылығын білдірді