RU

Жапонияда 14 күн карантинде жатқан келіншектен екінші рет коронавирус табылды

Жапонияда 14 күн өз-өзін оқшаулап жатқан келіншектен дәрігерлер екінші рет коронавирус анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда 14 күн карантинде жатқан әйелден екінші рет коронавирус табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Анықталғандай, әйел адам бірінші рет коронавирусқа тесті 13 сәуір күні тапсырып, оң нәтиже алған.

Ауру белгілері кеткен соң келіншк екі апта үйінде карантинде болады. Ал карантин аяқталған соң жапониялықтың жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріле бастаған. Осылайша, қайтадан тест тапсырған тұрғынның қайта коронавирус табылған.

Хоккайдо медициналық университетінің профессоры Йоко Цукамотоның пікірінше, аталған жағдай карантин ұзақтығы бәріне бірдей болмауы тиіс екенін көрсетеді. Себебі, науқастың жағдайына байланысты түрлі қажеттіліктер туындауы мүмкін.

Жаңа коронавирус инфекциясының пандемиясы әлемнің барлық елін қамтып отыр. ДДСҰ ақпарынша, дүние жүзінде коронавирусты 3 миллионнан аса адам жұқтырған, 230 мың адам қайтыс болған.

Вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары алдыңғы орында тұр. Коронавирустан аса қатты зардап шеккен елдер қатарына Испания, Италия, Франция мен Германия және Ұлыбритания кіріп отыр.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4000-ға жуықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854273-zaponiada-14-kn-karantinde-zatkan-kelinsekten-ekinsi-ret-koronavirus-tabyldy.html