Выйти
RU

Есмағамбетова: Қазақстандағы коронавирус жағдайы тұрақталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын және індетті жұқтыру көрсеткіштерінің төмендеуіне не әсер еткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есмағамбетова: Қазастандағы коронавирус жағдайы тұрақталды

Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ

Айжан Есмағамбетова қазіргі уақытта елімізде COVID-19 жұқтырудың 3988 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Мыңнан аса адам жазылып шыққан.

Маманның айтуынша, жалпы алғанда, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай соңғы екі аптада тұрақталған және коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды екен.

Бас санитардың сөзінше, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қазақстандықтардың қалыпты өмірге қайта оралуы үшін ел билігі карантин шараларын біртіндеп жеңілдететін болады.

Есмағамбетова адамдардың жүріп-тұруын шектеу шаралары ауру жұқтыру санының күрт шарықтап кетуінің алдын алуға көмектескенін де атап өтті.

Енгізілген шаралар медициналық жүйеге түсер салмақты жеңілдетіп, жалпы алғанда, коронавирусты жақын арада жеңіп шығуға өз үлесін тигізгенін де қоса кетті.

"Біз барлығын дұрыс жасадық. Біз ұсынған ережелерді қазақстандықтардың сақтағанының арқасында осындай тұрақтылыққа қол жеткізіп отырмыз", – дейді Айжан Есмағамбетова.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды оқшаулауға қатысты еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Есмағамбетова: Қазақстандағы коронавирус жағдайы тұрақталды