Выйти
RU

Үндістанда ішімдік сататын дүкендер ашыла салып, қайта жабылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үндістан астанасы Делиде төрт ауданда алкоголь сататын дүкендер ашылып үлгерместен, қайта жабылып қалды. Бұған алкомаркеттердің алдында тұтынушылардың әлеуметтік қашықтықты жаппай бұзуы себеп деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Үндістанда арақ сататын дүкендер ашыла салып, қайта жабылды

Фото: Артур Лебедев / РИА Новости

Дүйсенбі, 4 мамыр күні Делиде коронавирусқа байланысты оқшаулау режимі жеңілдетіліп, 150 мемлекеттік алкомаркеттердің ашылуына рұқсат берілген.

Мекемелер алдын алу шараларын сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша таңғы 9:00- ден 18:30-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Әсіресе, жұмысшылар қолғап пен медициналық маска тағуға, тұтынушылармен бірге әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндеттелді.

Алайда, арақ өнімдерін сататын дүкендер есігін аша салысымен, көпшілік кезекке тұрып, әлеуметтік қашықтықты бұза бастаған.

Жаппай тәртіпсіздікке байланысты үкімет алкомаркеттердің жұмысын уақытша тоқтатты. Енді билік коронавирус бойынша шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік беретін және адамдар жиынын болдырмайтын ережелерді пысықтап жатыр.

Үндістанда COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу үшін 25 наурызда оқшаулау режимі енгізілген еді.

Джон Хопкинс университеті жобасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 42 мыңнан асып кеткен, 1,4 мың адам қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Айта кетейік, Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирус жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үндістанда ішімдік сататын дүкендер ашыла салып, қайта жабылып қалды