Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікпен жүруге, серуендеуге болады: Алматы ішіндегі посттар алынды

Опубликовано:

Алматыда 19 наурыз күні енгізілген карантин шаралары жеңілдетіле бастады. Мәселен, қала ішіндегі тосқауыл (фильтрация) бекеттердің жұмысы тоқтатылды. Енді тұрғындар емін-еркін жүріп-тұра алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікпен еркін жүруге болады: Алматыдағы блок-бекеттердің жұмысы тоқтады
Фото: NUR.KZ: Original

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қала ішіндегі тосқауыл посттардың алуына карантин режимінің жеңілдеуі, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруі себеп болған.

Дегенмен, қала аумағындағы бекеттер алынғанымен тәртіп сақшылары шаһардың адам көп жиналатын жерлерін, саябақтарды, алаңдарды күзетуді жалғастырады.

Бұл шара әлі де өз күшіндегі карантин режимін сақтау үшін қажет.

Сонымен қатар, ведомство тұрғындарға жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуы қажет екенін еске салады.

Айта кетейік, Алматының кіреберістеріне қойылған 27 блок-бекет өз жұмысын жалғастыра береді.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854305-klikpen-zruge-bolady-almatyny-isindegi-blok-beketter-alyndy/

pixel