RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді. Осылайша, Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 4028-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Елдегі коронавирус бойынша 4 мамыр 18:35-тегі эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясын жұқтырған 40 адамның 26-ы Алматы қаласынан, біреуі Нұр-Сұлтан қаласынан, біреуі Ақмола облысынан, алтауы Алматы облысынан, төртеуі Батыс Қазақстан облысынан және екі адам Түркістан облысынан.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 701

Алматы қаласы – 1317

Шымкент қаласы – 213

Ақмола облысы – 101

Ақтөбе облысы – 160

Алматы облысы – 156

Атырау облысы – 184

Шығыс Қазақстан облысы – 29

Жамбыл облысы – 154

Батыс Қазақстан облысы – 193

Қарағанды облысы – 159

Қостанай облысы – 50

Қызылорда облысы – 214

Маңғыстау облысы – 74

Павлодар облысы – 150

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 143, барлығы 4028 адам. Олардың 1134-і ауруынан айықса, 27-і қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирус жағдайы тұрақталғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854318-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-4-mynan-asty.html