Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда үш жасар баланы көлік қағып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй алаңдарының бірінде үш жасар баланы көлік қағып кетті. Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр. Аталған оқиғаға қатысты елорда полициясы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй алаңында үш жасар баланы көлік қағып кетті

Фото: Куәгерлерден. instagram.com/zhaloby_astana

Баланың көлік астына түсіп қалғаны туралы ақпаратты zhaloby_astana Instagram тобы жариялады. Жазба авторының сөзінше, автокөлік жүргізушісі баланы алаңнан шығып бара жатқанда қаққан. Желі қолданушысы жүргізушілер тұрғын үй аумағында үнемі жылдамдықты төмендетпейтінін атап өтті.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Құқық қорғау органдары ұсынған мәліметке сәйкес, аталған жағдай кеше, 3 мамыр күні түстен кейін болған. Автокөліктегі 34 жастағы қала тұрғыны баланы көлік тұрағынан шығып келе жатқанда қағып кеткен. Салдарынан үш жастағы бала ауруханаға түрлі жарақаттармен түскен.

Қазір автокөлік жүргізушісіне қатысты жолда жүру ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Алматы тұрғындарына көлікпен жүруге және серуендеуге рұқсат берілді.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда үш жасар баланы көлік қағып кетті