RU

Алдыңғы оразадағы қарыз күндерді келесі рамазан айына дейін өтеу шарт па

Алдыңғы оразадан қарызы күндері бар адам, сол күндерді келесі рамазан айына дейін өтеуі тиіс пе? Оқырманның бұл сауалына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дін мамандарының мәліметінше, Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде:

"Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін", – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.

Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал дейді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ-ның пәтуа бөлімі оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы айтқан еді.

Сонымен қатар Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай Рамазан айында ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ азаматтар мәселен денсаулығы көтермейтін жандарға не істеу керектігін айтып, кеңес берген болатын.

Еске сала кетейік, биыл қасеитті Рамазан айы 23 мамырға дейін жалғасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854323-aldygy-orzadagy-karyz-knderdi-kelesi-ramazan-ajyna-dejin-teu-sart-pa.html