Выйти
RU

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу бойынша күдікті 34 жастағы мегаполис тұрғынына қатысты тергеу ісін жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған (фото)

Фото: polisia.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, кешенді жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі құралдарын заңсыз дайындап, сатқан деген күдікпен 34 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Ол өз үйінде тыйым салынған заттарды пайдалануға арналған жеке бөлмесі бар есірткі притонын ұйымдастырған.

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған (фото)

Фото: polisia.kz

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлімі және 302-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған (фото)

Фото: polisia.kz

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында түрмеге есірткіні палаудың ішіне салып өткізбек болған 24 жастағы жігіт ұсталғанын жазған болатынбыз. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген заттың "гашиш" екені анықталған. Салмағы 67 грамм.

Айта кету керек, Шымкентте өз үйлерінде ауызашар берген екі азамат қамауға алынды. Екі құқық бұзушы да төтенше жағдай режимі кезінде енгізілген шектеулерге қарамастан үйлеріне 3 адамнан артық адамды жинап, дастархан жайған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған (фото)