Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар туралы хабарлады. Қос бірдей қайғылы жағдай Жамбыл және Қарағанды облыстарында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Фото: pixabay.com

4 мамыр күннің екінші жартысында елімізде коронавирустан болған екі өлім жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл және Қарағанды облыстарының тұрғындары қайтыс болған.

Осылайша, 4 мамыр сағат 22:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша инфекция құрбандарының саны 29-ға дейін өсті.

Айта кету керек, коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта елімізде эпидемия басталғалы жұқпалы ауруға шалдыққандар саны 4049-ға жетті.

Еске сала кетсек, отандық дәрігерлер бүгінге дейін барлығы 1173 адамды аурудан айықтырғаны туралы жазған едік. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 39 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирус жағдайы тұрақталғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, жалпы алғанда, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай соңғы екі аптада тұрақталған және коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды