Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай күрделеніп кетпесе": Тоқаев төтенше жағдай режимі қашан аяқталатынын айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Тоқаев бұл туралы парламент сенатының отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

"Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады.

Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр. Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз.

Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бірақ карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді. Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса қажет",-деді мемлекет басшысы.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4049-ға жетті. Олардың 1173-і қауіпті дерттен айығып ауруханадан шықса, 29 науқас инфекция салдарынан көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Жамбыл және Қарағанды облыстарында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854353-zagdaj-krdelenip-ketpese-tokaev-ttense-zagdaj-rezimi-kasan-aaktalatynyn-ajtty/

pixel