Выйти
RU

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 250 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны басылар емес. Қазіргі уақытта аталған індетті әлем бойынша 3,5 миллионнан аса адам жұқтырған. Вирустан көз жұмғандар саны 250 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Джонс Хопкинс университеті келтірген соңғы деректерге сәйкес, әлемде жаңа вирустан 251 059 адам қайтыс болған. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны – 3 578 301.

Бұл көрсеткіш бойынша әлі де Америка көш бастап келеді. Қазіргі уақытта АҚШ аумағында вирус жұқтырудың 1 178 906 дерегі тіркелген. Аурудан көз жұмғандар саны 68 920 адамға өсті.

Инфекция жұқтырғандар саны бойынша екінші орында – Испания. Бұл елде 218 011 адамнан COVID-19 анықталған. Коронавирус құрбандарының саны – 25 428.

Сондай-ақ ауру жұқтырғандар саны бойынша Италия да көш басында. Статистикалық деректерге қарағанда, мұнда 211 938 адамнан COVID-19 табылған. 29 079 науқас вирустан көз жұмды.

Одан бөлек, Ұлыбританиядағы жағдай да мәз емес. Мұнда вирус жұқтырғандар саны 191 832-ге жетіп отыр. Ал COVID-19 құрбандарының саны – 28 809 адам.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4049 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 250 мыңнан асты