Выйти
RU

Әйгілі "Кухня" телехикаясының актері ауруханаға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік "Кухня" және "СеняФедя" сериалында Арсений Чуганин аспазының рөлін сомдаған Сергей Лавыгин Мәскеу қаласында ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Кинопоиск

Фото: Кинопоиск

Кино әлемінде өзіндік орны бар актердің ауруханаға түскені туралы ақпарат 112 Telegram-арнасында жарияланған.

Онда Лавыгин өткен жексенбі 3 мамыр күні кешкісін подъездің жанында құлап, басымен соғылғаны жазылған. Дәрігерлер актерге алдын ала жабық бас сүйек-ми зақымы мен ми шайқалу диагнозын қойған.

Өнер иесінің ауруханаға түскені туралы мәліметті "Комсомольская правда" басылымы да растап отыр. Актердің жағдайына қатысты өзге де ақпарат айтылмады.

Айта кетейік, Сергей Лавыгин "Кухня" және "СеняФедя" сериалынан бөлек "Лед 2", "Самый лучший день", "Горько!" фильмдері арқылы көрерменге таныс.

Еске сала кетсек, осыған дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдуманап Нурмагомедовтың ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Спортшының әкесі әрі жаттықтырушысынан коронавирус инфекциясы тексерілген. Анализ қорытындысы бойынша, оның пневмония екендігі айтылды.

Қазіргі уақытта Абдуманаптың жағдайы жақсы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі "Кухня" телехикаясының актері ауруханаға түсті