Выйти
RU

"Сүйінші": Әнші Ғаділбек Жаңай ұлды болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ғаділбек Жаңайдың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Жұлдызды жанұя тағы бір сәбимен толыққан. Карантин уақытында өнер иесінің келіншегі оған ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gadilbek_zhanay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gadilbek_zhanay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке белгілі тележүргізуші Анна Данченко хабарлады. Ол Instagram парақшасында оқырмандардан сүйінші сұрап, жас әкеге құттықтауын жеткізген.

"Сүйінші! Ғаділбек Жаңай ұлды болды! Кішкентай балапанның бауы берік болсын! Карантин бітсін, бұйырса, билеп-билеп құттықтап шығамыз" , - деп жазды ол.

Ғаділбек Жаңай танымал журналистің жазбасына жауап беріп, көпшілікке "жұғысты болсын" деген тілегін білдірген.

Желі қолданушылары бірден жұлдызды әкені сәбилі болуымен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

Қызығы, әнші ұлды болғанымен өзінің парақшасында мүлдем бөліспеген. Өнер иесінің жары да жанұясындағы қуанышты жағдайды көпке жария салмаған.

Айта кетейік, Ғаділбек Жаңай отбасылық өмірін барынша жасырын ұстайтын жұлдыздар қатарына жатады. Ол келіншегін ел алдына өте сирек шығарады.

Ерлі-зайыптылардың енді ғана дүниеге есігін ашқан ұлынан үлкен қыздары бар.

Еске сала кетейік, карантин уақытында бірқатар өнер иелері балалы болды. Көпбалалы әкелер қатарын бұл кезеңде Нұржан Керменбаев толықтырды. Әнші екі ұлдан кейін қызды болған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сонымен қатар, биыл 39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанған болатын. Ол жұбайына ұл бала сыйлаған.

"Mysterions" тобының әншісі Дильен де карантин уақытында әке атанды. Ол екінші мәрте ұлды болған.

Сәуір айының соңында "Меломен" тобының мүшесі Ғабит Бибасұлы да балалы болды. Эстрада жұлдызының жары оған ұл бала сыйлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Сүйінші": Әнші Ғаділбек Жаңай ұлды болды