Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаймайды": Түсіпбаева карантинде Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайын біліп қайтқан (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева карантин кезінде өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановпен жүздесіп қайтқан. Ол пандемия уақытында эстрада дүлділінің қал-жағдайын біліп, желіде онымен түскен фотосымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Меруерт Түсіпбаева 83 жастағы Нұрғали Нүсіпжановпен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Суретте бетперде мен қолғап киіп алған әншінің өнердегі ағасын құшақтап тұрғанын көруге болады.

Түсіпбаева бұл кездесу туралы тың мәліметпен де бөліскен болатын. Ол Stories бөліміне жүктеген видеода өзіне жылы лебіз танытқан Нүсіпжановтың жарына алғысын айтты. Жадыра Сейдеш әншінің ұлы ораза ұстап жүргенін естіп, оған шоколад беріп жіберген.

Желіде жарияланған қос әншінің фотосы бірден қызу талқыға түскен. Оқырмандар Нұрғали Нүсіпжановтың мүлдем қартаймайтынына таңғалып, оның жас көрінуінің сырын білуге тырысты.

"Жасарып алыпты ағамыз. Демек, жеңгеміз жақсы қарап жүргені ғой" , "Мүлдем қартаймайды. Қашан көрсеі бірқалыпты осы кісі" , "Жас келіншегінің арқасында өзі де жас болып жүр" , "Женсаулығыңыз мықты болсын аға" , "Жарыңыз екеуіңізге бала суюді нәсіп етсін" , - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, өткен жылы болған Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйлену тойы желіде қызу талқыға түскен болатын. 82 жастағы әнші мен өзінен 45 жас кіші журналистің отасуы көпшілік үшін күтпеген жаңалық болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854402-kartajmajdy-tsipbaeva-karantinde-nrgali-nsipzanovty-zagdajyn-bilip-kajtkan-foto/

pixel