Выйти
RU

Тоқаев: Бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс жағдайында бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байтынын, ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы ел президенті Егемен Қазақстан басылымына берген сұқбатында мәлім етті.

"Дағдарыс жағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды. Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті. Коронавируспен күре­су үшін қомақты қаржы бөлінгенін біле­сіздер. Ел азаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шаралары қосымша қаржыны талап етеді.      

Ескерте кететін бір жайт, бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байды. Ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвес­тициялық жобалар кейінге қалды­рылды.

Үнемделген қаражат экономи­каның тұрақты дамуын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұм­салуда. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байды