Выйти
RU

Жапония премьері вирусқа қарсы дәрі-дәрмек пен вакцинаға 800 млн доллар бөлмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ COVID-19 инфекциясына қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина жасап шығару үшін 800 миллион доллар бөлуге уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Синдзо Абэ. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Синдзо Абэ. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

"Жаңа коронавирусқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық қажет. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін бірінші кезекте дәрі-дәрмек, содан соң вакцина жасап шығару керек", – деп атап өтті Жапония үкіметінің басшысы.

Оның айтуынша, бұл бағытқа жұмсалатын 800 миллион доллардың 234 миллонға жуығы Эпидемияға дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар бойынша коалицияға (CEPI) бөлінеді.

Синдзо Абэ халықаралық қауымдастықты "дағдарысты бірігіп еңсеруге" шақырды.

"Жұқпалы ауруларда шекара болмайды", – деді ол.

Айта кетейік, Жапонияда шамамен 16 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 570-ке жуық науқас аурудан көз жұмды. Ал 5,1 мыңнан астам адам дерттен айығып, ауруханадан шығарылды.

Ал әлем бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 250 мыңнан асты. Джонс Хопкинс университеті келтірген соңғы деректерге сәйкес, аталған індетті әлем бойынша 3,5 миллионнан аса адам жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапония премьері вирусқа қарсы дәрі-дәрмек пен вакцинаға 800 млн доллар бөлмек