Выйти
RU

"Карантиндегі неке": Тағы бір "қалаулымдық" жұп ерлі-зайыпты атанды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин режимі кезінде танымал жұптар бірінен соң бірі некесін қидыруда. Бұл жолы "Қалаулым сен" жобасында табысқан Өркен Бақытбек пен Наргиз Әбдіғаппар ресми түрде ерлі-зайыпты атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/orken_bakytbek/metiska_nargiza. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/orken_bakytbek/metiska_nargiza. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Атышулы бағдарламаның арқасында танысқан қос ғашық қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен. Жоба қатысушылары ата-аналарының рұқсатын алып, шариғат бойынша некесін қидырған. Алайда, олар карантин салдарынан мешітке бара алмағандықтан, имамды үйлеріне шақыртқан.

Өркен мен Наргиздің бұл айтулы рәсімді карантин кезінде өткізуінің өзіндік себептері де бар. Олар қасиетті Рамазан айында дәл жұма күні отбасын құруды көптен бері жоспарлаған болып шықты.

Жас жұбайлардың айтуынша, үлкен үйлену тойы жазда дүркіреп өтпек.

Айта кетейік, Өркен мен Наргиздің таныстығы "Қалаулым сен" бағдарламасында орын алған. Алғашқыда аса жақын дос болған жоба қатысушылары уақыт өте келе, бір-біріне деген сезімдері оянғанын түсінген. Нәтижесінде екеуі жұп атанып, кейіннен қарым-қатынастары жанұяға ұласты.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қалауым Live" бағдарламасының қатысушылары да карантин кезінде некесін қидырғанын жазған болатынбыз. Ербол мен Даяна да бір-бірін жобаның арқасында тапқан.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантиндегі неке": Тағы бір "қалаулымдық" жұп ерлі-зайыпты атанды (видео)