Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарға вакцина арқылы чип енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаса ма

Опубликовано:

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы адамдарға вакцина арқылы чип енгізу туралы мессенджер арқылы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Адамдарға вакцина арқылы чип енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаса ма
Фото : zen.yandex.ru: Instagram

Айта кетейік, WhatsApp мессенджері мен басқа да әлеуметтік желілерде жақында күллі халыққа вакцина арқылы чип енгізіледі деп сендірген және азаматтарды "роботтандыруға" наразылығын білдіру үшін хабарламаны таратуға шақырған белгісіз біреудің аудиожазбасы тарап жатыр.

Ведомство аталған аудиожазбадағы ақпараттың жалған екенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта облыстың полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде құқық тәртібін арандату әрекеті үшін әкімшілік іс-қозғалды. Хабарламаның авторын анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді басқармада.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе егуге қарсы қазақстандықтарға жауап берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854442-adamdarga-vakcina-arkyly-cip-engizu-turaly-akparat-syndykka-zanasa-ma/

pixel