RU

Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдетілмейді

Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдетілмейтін болды. Бұған өңірде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 150-ден астам дерегі тіркелген.

Облыстық жедел штаб өңірдегі қалыптасқан санитарлық жағдайға байланысты осындай шешім қабылдаған.

Телеарна дерегінше, қоғамдық көліктер бұрынғыша тоқтап тұр. Ал жеке көлікпен тұрғындарға кешкі сағат 20:00-ге дейін жүруге мүмкіндік берілген.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров карантин режимі тек 11 мамырдан кейін жеңілдетілуі мүмкін екенін айтады.

Оның өзі төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.

"Шаштараз, монша, базар, ресторан, кафе барлығы жабық. Мемлекеттік комиссияның тапсырмасына сәйкес, тиісті тізім жергілікті атқарушы органдарға берілді. Бірақ ол жерде әр өңірдің өзінің ерекшелігін ескере отырып, жедел штабтардың шешіміне сәйкес жеңілдету жұмыстарын жүргізу керек. Бүгінде біздің облыста осындай шешім қабылданды", - дейді Календеров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілмейтінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854447-zambyl-oblysynda-karantin-rezimi-zeildetilmejdi.html