Выйти
RU

Таиландта соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың бір ғана дерегі тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиландта соңғы тәулік ішінде коронавирус инфекциясын бір адам ғана жұқтырған. Сондай-ақ жеті тәуліктен бері вирустан көз жұмған бірде-бір адам тіркелмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Михаил Голенков

Фото: РИА Новости / Михаил Голенков

Бұл туралы Бангкоктағы үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Таиландтың коронавирус инфекциясымен күрес орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин мәлім етті.

"Бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырудың бір ғана дерегі тіркелді, әлі де аурудан көз жұмғандар жоқ.
Соңғы тәулікте инфекция жұқтырған жалғыз науқас Таиландтың оңтүстігіндегі Наративат провинциясында тұрады. Ол ауруды шекара жабылмай тұрып Малайзиядағы мешіттердің бірінде мұсылмандардың діни рәсіміне қатысқан адамдар тобынан жұқтырған", – деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ эпидемия басталғалы бері Таиланд аумағында 2 988 азаматтың вирус жұқтырғанын, 54 науқастың көз жұмғанын және 2 747 адамның аурудан жазылып шыққанын атап өтті.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, әлем бойынша 3,5 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал аурудан көз жұмғандар саны 250 мыңнан асады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таиландта соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың бір ғана дерегі тіркелді