Выйти
RU

Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры осы жылы ҰБТ-ның қалай өтетіні жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгереді

Фото: pixabay.com

Әділет Тойбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ тапсыру үшін құжаттар онлайн режимде қабылданатын болады. Ал Интернетке шығу мүмкіндігі болмаса, олар өтінімді дәстүрді әдіспен толтырып, тапсыруларына болады.

Тестілеудің форматы өзгермейді. Оқушының білім деңгейі профильді және міндетті пәндер бойынша әдеттегі баға көрсеткішімен өлшенетін болады.

Тек жоғары оқу орындарына түсу тәртібі өзгерді. Сонымен, егер адам шекті балл жинай алмаса, онда ол бірінші сессия аяқталғанға дейін ақылы бөлімге түсуге құқылы. Кейін студент бір жыл ішінде тестті қайта тапсыра алады.

Тағы бір жаңашылдық тікелей сертификатқа қатысты – маусым айындағы тест нәтижелері бойынша бұрынғыдай қағаз куәлік емес, электронды сертификат беріледі.

Сонымен қатар, талапкерлердің тестілеу кезіндегі жауапкершілігі күшейтілді. Егер өтініш берген оқушы үшін басқа біреу тест тапсырып берсе, онда ол оқушы бір жыл бойы ҰБТ-ға жіберілмейді.

Міндетті мониторинг болатындығы туралы да айтылды. Егер ереже бұзғандар анықталса, онда олардың ҰБТ нәтижелері жойылады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Жалпы, осы уақытқа дейін 82 мың адам ҰБТ тапсыру үшін құжаттар өткізген, оның нәтижесі бойынша білім беру гранты еліміздің ЖОО-ларына таратылады. Олардың 17 мыңы – дәстүрлі түре толтырылған. ҰБТ-ға өтініш қабылдаудың аяқталуына бес күн қалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының Дидар Смағұлов ҰБТ кезінде мектеп түлектеріне 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ келмейтінін мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгереді