RU

Қасым-Жомарт Тоқаев ТАСС агенттігіне сұқбат берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік ТАСС агенттігіне сұқбат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Сұқбатта ел президенті Жеңістің 75 жылдығы, коронавирус пандемиясымен күрес және Қазақстанның сыртқы саясаты мен экономикалық дағдарысқа қатысты сұрақтарға жауап берген.

ТАСС агенттігінде жарық көрген интервьюдің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4160-қа жетті. Оның 1207-сі қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, жиырма тоғызы инфекция салдарынан көз жұмды.

Соңғы өлім жағдайы Жамбыл мен Қарағанды облыстарында тіркелген.

Жамбыл өңірінде қайтыс болған науқас Павлодар облысының тумасы болып шықты.

Ол алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеді.

Марқұмның 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болғаны анықталды.

Ер адам 4 мамыр күні сағат 01.20-да көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854473-kasym-zomart-tokaev-tass-agenttigine-skbat-berdi.html